Му Кан Чайдағы күріш террасалары
Ел: Вьетнам
Мемлекетттің солтүстігінде, Қытаймен шекарадан бар болғаны 100 шақырым жерде таңғажайып көрініс ашылады — тауларға қашалған тегіс террасалар қатарлары. Қыстың соңы мен көктемнің басында олардан жарқыраған жарық шығады: суға толы биік дала күн сәулелерін шағылыстырады. Ал мамыр айында беткейлер әдемі терең жасыл түске боялады. Күзде, өнім жиналатын кезде таулар түсін өзгертеді: алдымен алтынға, кейін қоңырға айналады.
Террасалар XV ғасырда қашалған. Бұл технология жергілікті хмонг тайпасының ерекше ойлап тапқан жаңалығы саналады. Себебі, таулы аймақта күріш өсірудің басқа жолы оларда болмаған. Террасалар шешім ретінде пайда болды: егін еккен алаңдар кішкентай болса да тегіс еді. Сонымен қатар, баспалдақ тәріздес құрылым егістікке қажет үлкен мөлшерде суды ұстап тұруға көмектесті.
Саяхатшылар үнемі ерекше алқаптарды планетаның ең әдемі орындары тізіміне енгізеді. Планттацияны барлық жағынан көру үшін мотоцикл немесе мопед жалға алуға болады: алдымен төменгі жағынан өтіп, террасалардың биіктігін бағалаңыз, содан кейін жоғары көтеріліп, жасанды жартастардың кезектесіп орналасқан таңғажайып көріністеріне көз салыңыз.
Тарих және мәдениет
Террасалардың шығу тегі: Күріш террасалары 500 жылдан астам уақыт бұрын жергілікті хмонг және басқа таулы халықтар тарапынан жасалған. Бұл террасалар таулы жерлерде ауыл шаруашылығын тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы әдісі аймақтың климаттық және географиялық ерекшеліктеріне бейімделген.
Хмонг тайпалары: Хмонгтар — Вьетнамның таулы аудандарында негізінен тұратын этникалық азшылық. Олар күріш өсіру үшін террасалық егіншілік әдісін алғашқылардың бірі болып жасап, қолданған. Бүгінде бұл аймақтарда осы халықтардың ұрпақтары өмір сүріп, дәстүрлі ауыл шаруашылығы әдістерін қолдануды жалғастыруда.
- Rice fields Mu Cang Chai, Vietnam
- Rice fields on terraced of Mu Cang Chai District at sunrise time, YenBai province, Northwest Vietnam, worm tone






