Ежелгі Петра қаласы
Ел: Иордания
Планетадағы ең көркем жерлердің бірі Жаңа жеті кереметтің қатарына кіреді. Бұл әрі табиғи көрнекілік, әрі ашық аспан астындағы сәулет мұражайы.
Тау шатқалы — Сикте орналасқан бұл тас қала теңіз деңгейінен шамамен бір километр биіктікте орналасқан. Грек тілінен аударғанда оның атауы «тас» деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде алғашқы құрылыстарды біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап біздің дәуіріміздің II ғасырына дейін осында өмір сүрген набатей көшпенділері салған. Кейін бұл қалаға римдіктер, византиялықтар мен арабтар да өз үлесін қосқан. Ежелгі құрылысшыларға құмтас жартастарына ерекше пішін берген жел мен жаңбыр да көмектесті. Бірақ әсіресе Набатей патшалығының сәулетшілері зор еңбек сіңірді — бұл қазіргі Иордания аумағында орналасқан ежелгі араб мемлекеті еді. Сәулетшілер ғажайып құрылыстарды тікелей жартастан ойып жасаған.
Рим сәулетшілері Петрада алып амфитеатрды тікелей жартастан ойып салған. 45 тас қатар сахнаның үстіне жарты шеңбер тәрізді көтеріледі. Сондай-ақ Петра жартастағы молаларымен танымал. Бұл жерді кейде «өлілер қаласы» деп те атайды. Молалар — тастан ойылған бағаналармен, мүсіндермен және рәсімдер өткізуге арналған бөлмелермен безендірілген сәнді жартасты құрылыстар.
Петра — Едом (Идумея) елінің ежелгі астанасы, кейін Набатей патшалығының астанасы болған. Қазіргі Иордания аумағында, теңіз деңгейінен 900 метрден астам, ал айналасындағы жерлерден 660 метр биіктікте, Арава алқабында, тар Сик шатқалында орналасқан.1
Петраны әйгілі еткен басты ерекшеліктерінің бірі — қызыл құмтасты жартастары. Осы жартастар әсемдікпен ойылып, үйлер, храмдар, молалар және басқа да ғимараттар салынған. Осы себепті Петра «Қызғылт қала» деген атауға ие болды.
Петра 1985 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. 2007 жылы ол Жаңа Жеті кереметтің бірі болып таңдалды.
- Canyon in Petra (Red Rose City). The city of Petra was lost for over 1000 years. Now one of the Seven Wonders of the Word
- Photographs from the beautiful trip to Petra — Jordan
- Al Khazneh (The Treasury) at old city Petra. Jordan
- Jordan, in Petra, General view of the Nabataean amphitheatre.







